Төлем жасаудың максималды жайлы шарттарын қамтамасыз ету мақсатында «TechEX» ЖШС лизингтік компаниялармен серіктес болады.
Техниканы лизингке алу бойынша барлық қажетті ақпаратты Сіз тікелей лизингтік компанияға жүгіну арқылы біле аласыз.
Техниканы немесе құрылғыны лизингке алу арқылы кәсіпкерлер келесі артықшылықтарға қол жеткізеді:
- Жеке бастау капиталына қажеттілікті азайту. Лизинг жеке ақша қаражатының бір мезгілде ірі мөлшерін салмастан өндірістік қорларды жаңартуға, өндірісті кеңейту және модернизациялау үшін құны қымбат мүліктерді сатып алуға мүмкіндік береді.
-
Лизингтік төлемдерді тікелей сатып алынған мүлікті пайдаланудан түскен кірістен төлеу мүмкіндігі.
Кредиттен айырмашылығы лизингтік мәміледе кепіл заты лизинг нысанының өзі болады.
- Салықтық төлемдерді қысқарту. Салық салынатын кірісті лизинг шарты бойынша сыйақы және т.б. сомасына азайту.
-
Лизинг алушының жұмысының маусымдылығын ескеріп бейімделген дербес төлем кестесін әзірлеу (лизинг берушінің және лизинг алушының келісімі бойынша).